Шымкентте жұмыс істемейтін дәмханадан ер адамның өлі денесі табылды

Отырар ТВ
Кафенің ауласынан қылмыстың болжалды құралы — қан іздері бар пышақ табылды.

Шымкентте Байтұрсынов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан дәмханада ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды zakon.kz Отырарға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, дәмхананың қожайыны қазіргі уақытта Шымкентте жоқ. Мекеменің өзі көптен бері жұмыс істемейді. Жазда жөндеуден өткізгенмен, ашып үлгермеген.

Жанында орналасқан дүкен иесінің айтуынша, ғимаратты нақты тұрғылықты жері жоқ адамдар мекен етіп алған. Оның дүкенінінде де ұрлық орын алған. Сондықтан ол мезгіл-мезгіл бос дәмханаға қарап тұратын. Бүгін таңғы төртте бас сұққанда, сол жерде адамның жансыз денесін тапқан.

Белгілі болғандай, ер адам өлтірілген. Жасы қырықтарда. Кафенің ауласынан қылмыстың болжалды құралы — қан іздері бар пышақ табылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды