"Сатпайсыңдар!". Радада Жер туралы заң үшін депутаттар қырғын боп төбелесті

Леоновтың айтуынша, депутат Оксана Савчук жерді сату туралы мәселені күн тәртібінен алып тастауды талап еткеннен кейін отырыс тез тәмам болған.

"Бостандық" партиясының бұрынғы депутаты Эдуард Леонов пен "Халық қалаулысы" партиясы депутатының міндетін атқарушы Андрей Богданец Жоғарғы Рададағы Аграрлық комитеттің отырысынан шыға бере, есік алдында бір-біріне жұдырық ала жүгірді, деп хабарлайды "Украина 112".

11 желтоқсанда Жоғарғы Радада аграрлық комитетінің отырысы өтіп, жер мәселесі қаралды, ал дәлізде қырғын төбелес болды.

Видеода "Бостандықтың" бұрынғы депутаттары, атап айтқанда Андрей Леонов пен Игорь Мирошниченко "Халық қалаулысы" партиясының өкілі Андрей Богданцке жабылғанын көруге болады.

Эдуард Леонов 7-ші шақырылымның депутаты комитет отырысында болған жайтты "қылмыстық құқық бұзушылық" деп атады.

- Аграрлық комитетінің отырысы шұғыл түрде ертеңге ауыстырылды, өйткені бұл жерде қылмыстық әрекеттің белгісі көрінді, ештеңе дайын емес, ешқандай құжат жоқ қарайын десең. Заң жобасын екінші оқылымда осы комитет арқылы "белден басып" құр өткізіп жібермекші. Жиналысты асығыс аяқтаған соң дәлізде "Халықтың қалаулысы" өтірік дау тудырып, жанжал шығара бастады. Елдің бәріне Тернополь тұрғындары жерді "сатуды қолдайды-мыс" дегенді айтқан, - дейді Леонов.

Ол төбелесті шығарған Богданецтің өзі дейді.

- Мен де бір кездері Тернополь аймақтық кеңесінің депутаты болғанмын, ондайды естімеппін, сен бұл ақпаратты қайдан алдың деп сұрадым. Сол кезде ол өзін агрессивті ұстап, едіреңдей бастады, - деді экс-депутат.

Леоновтың айтуынша, депутат Оксана Савчук жерді сату туралы мәселені күн тәртібінен алып тастауды талап еткеннен кейін отырыс тез тәмам болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: