Нұр-Сұлтанда бір мұғалім туберкулез жұқтырған

zakon.kz
Биыл қалада флюороскопиядан 395 606 адам өткен, оның 237-інен туберкулез дерті анықталған.

Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Нұр-Сұлтан қаласындағы №60 орта мектеп мұғалімінен туберкулез дертінің анықталуына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Өзін жайсыз сезініп, дәрігерге көрінген кезде ғана мұғалімге туберкулез диагнозы қойылды", - деді ол.

Қазір №60-шы мектепте ол кісімен араласқан адамдарға профилактикалық тұрғыда медициналық тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

- Жалпы, 2019 жылдың басынан бері қала мектептерінде (№ 84, 74, 73, 80, 60 мектептер) мұғалімдер арасында 5 туберкулез дерті анықталды. Департамент қызметкерлері туберкулез анықталған барлық жағдай бойынша эпидемияға мектептерде жоспардан тыс тексерулер жүргізді, білім ошақтары зарарсыздандырылды. Науқаспен тікелей байланыста болған адамдар рентгенге түсірілді, - деді ол.

Уақытылы эпидемияға қарсы қабылданған шаралар аталған мектептерде бұл дерттің қайталануына жол берген жоқ.

Орта мектептерде туберкулездің алдын алу үшін, құзырлы орган мыналарды ескеруді ұсынады:

- мектеп директорлары өз қызметкерлерінің жыл сайынғы профилактикалық флюороскопиясын алып, іс-қағазға қосса;

- жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлерді алдын-ала медициналық тексерусіз жібермеу.

Биыл қалада флюороскопиядан 395 606 адам өткен, оның 237-інен туберкулез дерті анықталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы