Еліміздің 8 өңірінде бір уақытта Finbet букмекерлік кеңселеріне тінту жүргізілді

РБК
Кәсіпорынның заңсыз қызметінің жылдық табысы 3 млрд теңгеге жуық соманы құрайды.

Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде Finbet букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған кәсіпорынның басшылығы букмекерлік қызметпен қатар ел аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан.

Заңсыз құмар ойындары Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 букмекерлік кеңседе ұйымдастырылған.

18 желтоқсан күні 8 өңірде бір уақытта жүргізілген арнайы операция барысында кеңселерде тінту жүргізілді. Кәсіпорынның заңсыз қызметінің жылдық табысы 3 млрд теңгеге жуық соманы құрайды.

Заңсыз ойын бизнесінің ұйымдастырушылары қазіргі уақытта ұсталып, қамауға алынған. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды