"Снюстің" құрамын тексерген дәрігерлердің төбе шашы тік тұрды

Pixabay Pixabay
Бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин елімізде снюстарға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдаған болатын.

Алматы қаласындағы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова снюстарға жүргізілген сараптама нәтижесі туралы айтты. Сараптама нәтижесі дәрігерлердің төбе шашын тік тұрғызған, деп хабарлайды zakon.kz.

- Азаматтардан шағым жиі түсе бастағандықтан, біз ресейлік және шведтік өндірістегі снюстің 8 түрін сатып алып, жасырын сараптама жүргіздік. Олардан барлығына дерлік денсаулыққа өте зиянды никотиннің жоғары мөлшері анықталды. Сыртқы қаптамасында құрамында никотиннің үлкен дозасы жоқ көрсетілген, бірақ іс жүзінде бар әрі көп. Яғни, мына "соратын кәмпиттің" бір түйірінде никотин мөлшері, мысалы шегетін 4 темекінің дозасына тең, - деді Айзат Молдағасимова zakon.kz тілшісіне.

Бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин елімізде снюстарға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдаған болатын.

Снюс - темекі өнімдерінің бір түрі. Бұл ұсақталған ылғалдандырылған темекі, ол еріннің жоғарғы (аз - төменгі) және төменгі жақтарының астына салып қояды: 30-дан 60-70 минутқа дейін (өндірушілердің айтуынша, 5-тен 30 минутқа дейін). Осылайша темекі никотині ағзаға түседі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көкшетауда бопсалаушылар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды

Қостанайда ер адам көліктің ішінде өртеніп кетті

Балабақша орнына автосервис: Ақтөбе маңындағы тұрғындар неге наразы болып отыр

Жириновскийдің кеңестік шетелдік төлқұжаты аукционға қойылды

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың өтетін күні белгілі болды