Әділет министрлігі Bek Air-дың кімнің атына тіркелгенін айтты

kazlenta.kz
Компания басшылығы үш рет ауысқан.

Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне "BEK AIR" ЖШС-нің құрылтайшылары жөнінде көптеген бұқаралық ақпарат құралдарының сұраныстары келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Заңына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды.

Бұл ретте, ЖШС-нің құрылтайшылары мен қатысушылары оның үлестес тұлғалары болып табылады.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері Ұлттық тізілімінің мәліметтеріне сәйкес "BEK AIR" ЖШС-і 2011 жылдың 12 мамырында тіркелген. Басшысы Монахов Владимир Михайлович, құрылтайшысы Жаркимбаев Сәкен Тоқпайұлы болып табылған.

2017 жылдың 18 сәуірінде құрылтайшы – Дамир Маратұлы Шүленбаевтың ауысуына байланысты қайта тіркеуден өтті.

Үш рет басшының ауысуы тіркелді: 2013 жылғы 29 тамыз – Жұмасұлтанова Айгүл Файзуллақызы, 2016 жылғы 18 шілде – Жұмасұлтанова Дина Нұрланқызы, 2019 жылғы 25 сәуір – Бияхметов Рустам Ілиясұлы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев