Ақмола облысында қар құрсауында қалып қойғандарды құтқару үшін БТР-лар жолға шықты

zakon.kz
3 әскери топ бронтехникамен Нұр-Сұлтаннан шығып барады.

Әскери қызметкерлер Ақмола облысында қар құрсауында қалғандарға көмектесу үшін БТР-мен шықты, деп хабарлайды zakon.kz Денис Кривошеевке сілтеме жасап.

Құтқарушылар жол бойында қиын жағдайға тап болған адамдарды біртіндеп қар құрсауынан алып шығып жатыр. Астанадан 110 шақырым жердегі Торғай мен Новомарковка аумағында қалып қойған адамдарға да көмек жетті. Олар көліктерінде бір тәуліктен астам уақыт бойы оқшауланып қалып қойған.

Бізге 3 әскери топ құрылғаны белгілі болды.

1. Нұр-Сұлтан-Павлодар

2. Нұр-Сұлтан - Көкшетау.

3. Нұр-Сұлтан - Атбасар тас жолдары бойынша.

3 әскери топ бронтехникамен Нұр-Сұлтаннан шығып барады. Олардың міндеті - байланысқа шыға алмай, қар құрсауында қалып қойған адамдарды кездейсоқ табу үшін шолуға шығу.

Төтенше жағдайлар мен әскерилер қазір қауырт жұмыс істеп жатыр, оларды боранға қарамастан жолға шығып кеткен жүргізушілердің орынсыз әрекеттері әбігерге салуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды