Ақтауда белгісіз инфекциядан екінші сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Сегіз жасар баланың алдымен ыстығы көтеріліп, бірнеше сағаттан кейін ол жан сақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Дәрігерлер менингококк инфекциясы деген диагноз қойды. Бірақ әзірге өлімнің нақты себебі ресми түрде жарияланған жоқ.
Қайтыс болған баламен жүздеген бала араласып, байланыста болған. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды.
Спорт жаттықтырушысы қайтыс болған баланың денсаулығы мықты, жақсы нәтиже көрсетіп, тіпті оны үлкен топқа қосуды жоспарлап жүргенін айтады.
- Соңғы рет ол жаттығуға 27 қаңтарда келген. Көз жұмғанға дейін бірнеше күн бұрын, - дейді спорт бапкері Сайлаубай Рахов.
Екінші сынып оқушысы жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Басында оның дене қызуы көтерілген. Дәрігерлер оған ЖРВИ-ға қарсы дәрі тағайындапты. Бірақ бірнеше сағаттан кейін ауыр хәлде оны Ақтау қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер Орынбасардың менингококк инфекциясынан қайтыс болды деп санайды.
- Бұл - менингококк инфекциясы. Ауруханаға түскенде бала ауыр хәлде болды, антисептикалық жағдайы тіркелді, 2-ші немесе 3-ші дәрежелі шок, ДВС синдромы да басталып кеткен, бұл - қан кету, ал ондайда қанды тоқтату өте қиын болады. Осы қайғылы жағдайдан кейін қайтыс болған баламен байланыстағы барлық балалар бақылауға алынды. Нақтырақ айтқанда, Орынбасар айналысқан спорт мектебінің жүз оқушысы, - дейді Маңғыстау облысы балалар жұқпалы аурулары ауруханасының меңгерушісі Ирина Карякина.
Спорт зал ғимаратын СЭС қызметкерлері тексеріп жатыр.