Тальго вагондарынан құралған № 52 Орал-Алматы-2 бағытындағы пойызы түнде Қарағандыдан шыққаннан кейін жолда бұзылып қалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. "Жолаушылар тасымалы" АҚ бұл фактіні растап, пойыздың жолаушыларын межелі жерге қалай жеткізетіндерін айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.
182 жолаушы мінген жолаушылар пойызында 29 вагон болған. Кешкі сағат 21.07 уақытында пойыз бұзылып, Қарағанды-Ағадыр учаскесінің Нілді-Айса (Қарағанды облысы) теміржол өткеліне келіп тоқтады.
Жолаушылар пойызын Қарағанды станциясына жөндеу үшін кері қайтару туралы шешім қабылданды. Орал-Алматы-2 бағытындағы № 52 жолаушылар пойызы Қарағанды-Алматы-2 учаскесінен ары бармайтын болып, тоқтатылды. Бұл ақау пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Екі вагон арасынан ақау табылды. Оны «Patentes Talgo S.L.» испандық компанияның мердігер мамандары жөндейтін болады, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ.
Негізі, пойыз Қарағандыға таңғы сағат 11:30 шамасында жетуі керек еді.
Қарағандыдағы станцияға жеткенде № 52 пойыздың жолаушылары "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларынан билет құнының 100% -ын қайтара алады. Сондай-ақ, біз Алматыға баратын жолаушыларға №44 - "Қостанай-Алматы-1" және №4 - "Нұр-Сұлтан-Нұрлы-Жол-Алматы-2" бағытындағы пойызға мінуге болатынын ескертеміз. Пойыздың кешігуі кезінде жолаушыларға пойыздың мейрамхана вагонында ыстық тамақ беріледі. Бұл оқыс жағдай біздің тұрақты бақылауымызда, - дейді "Жолаушылар тасымалы" АҚ.