Қордайда неге әлеуметтік емес, техногендік төтенше жағдай жарияланды - әкім жауабы

Бүлінген үй мен нысандарды жөндеп, көшені қалыпқа келтіру үшін техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Қордай ауданында неге әлеуметтік емес, техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды" деген сұраққа Үкімет дәлізінде жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Өздеріңіз көрдіңіздер, онда көптеген тұрғын үйлер бүлініп, өрт болды, сондықтан оларды жөндеп, көшені қалыпқа келтіру үшін техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, - деді Сапарбаев.

Сонымен бірге ол бұл оқиға әлеуметтік төтенше жағдайға жатпайтынын да баса атап өтті.

Бұл төтенше жағдай әлеуметтік сипатқа жатпайды. Көбінесе техногендік, өйткені біз барлық тұрғын үйлерді, сауда орындарын, жолдарды, көшелерді және басқаларды тазартуымыз керек. Бұл жерде ешқандай әлеуметтік сипат жоқ, жалғыз нәрсе - қайтыс болған адамдардың отбасыларына және асыраушысынан айрылған адамдарға заң бойынша әлеуметтік көмек көрсетіледі, - деп сөзін түйіндеді аймақ басшысы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: