Ақтөбе қаласында "мәдениетті" ұрылар ұсталды

иллюстрация үшін алынды
Олар есікті бөтен кілтпен ашып кіріп, істерін тындырған соң қайта жауып кеткен.

Ақтөбе қаласында бөтен кілт арқылы пәтер тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында бір топ пәтер ұрысын қолға түсірді. Ақтөбе қаласында 10 ақпанда сағат 16.00- 16.30 аралығында белгісіз тұлғалар пәтер иесінің үйден ұзақ уақыт кетуін пайдаланып, кілттерді таңдау арқылы оған жасырын кіріп, 250 мың теңгеге зергерлік бұйымдарды (сырға, сақиналарды) ұрлап кеткен.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен бұрын сотталған Ақтөбе қаласының екі тұрғыны қолға түсті. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Қадір түнін қалай өткізу керек