Желіде ластанған Нұра өзенінің видеосы пайда болып, елді дүрліктірді

видеодан алынды
Экологтар "КарГрЭС" мекемесін тексеруге кірісті.

Нұра өзеніне өндірісік қалдықтарын құйған Теміртаудың "КарГрЭС" мекемесін экологтар тексереді. Өйткені Нұра өзенінің Теміртау маңынан өтетін тұсы сұрғылт түске боялып кеткен. Қала тұрғындарын алаңдатқан жайт әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Видео әлеуметтік желіде тараған соң, бұл жерге арнайы комиссия аттанды. Өзенге қалдықтардың қайдан құйылғанын анықтау қиынға соқпады. Жақын маңда "КарГРЭС-тің" күл төгетін полигоны орналасқан. Болжам бойынша, күл-қоқыс төгілетін аумақтағы құдықтардың бірі тесілген. Қар суымен араласып аққан қалдықтар тікелей өзенге құйыпты. Мамандар судан сыналама алып, зертханаға жіберді. Ал мекемеде кешенді тексеріс жүреді", - дейді телеарна тілшісі.

Әлібек Бекмұхаметов, Қарағанды облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

- Бүгінгі күнде апат жойылды, компанияның өзімен. Қазір су төгілмейді. Апат жерден де, Нұраның өзінен де су алдық. Шамадан тыс қандай сұйықтықтар бары екені сараптамадан соң анықталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады