Әйеліне ерегескен ер адам пәтеріне от қойып, артынан биіктен секіріп мерт болды

baiginews.kz
Өртенген жатақханадан 120 адам, оның ішінде 25 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Көкшетау қаласындағы жатақханадан шыққан өрттің себебін Ақмола полицейлері тексеріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияның келтерген дерегіне сәйкес, 17 ақпанда сағат түнгі 2-де Көкшетау полициясына Назарбаев көшесі бойында орналасқан жатақхана тұрғынының бірі өзімен ұрсысқан соң күйеуі пәтеріне от қойып, 4-қабаттан терезесінен секіріп кеткендігі туралы хабарлаған.

Кейін 35 жасар ер адам көп салалы облыстық ауруханада көз жұмды.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, өртенген жатақханадан 120 адам, оның ішінде 25 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттен кейін емдеу мекемесіне қаза тапқан адамның жұбайы, сондай-ақ жатақхананың екі тұрғыны иіс тиіп жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі, яғни "Өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды.Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі