Ауытқушылығы бар 17 жастағы қызды екі еркек зорлаған

elitedaily.com
9 ақпанда қызды 36 жастағы ауылдың таныс тұрғыны шақырғаны анықталды.

Қырғызстандағы Ош облысының Алай ауданында екі ер адам қамауға алынды. Ол екеуі психикалық аурумен ауыратын бойжеткенді зорлады деген күдікке ілікті, деп хабарлайды zakon.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

Ош облысының Ішкі істер басқармасы хабарлағандай, 13 ақпанда 17 жастағы қызының зорланғаны фактісін анықтауды сұраған әйел арыз түсірген.

"Тергеу барысында 9 ақпанда қызды 36 жастағы ауылдың таныс тұрғыны шақырып алғаны анықталды. Көлігіне отырғызған соң ол кісі бойжеткенмен жыныстық қатынасқа түскен. Ал 12 ақпан күні бойжеткенге 24 жастағы тағы бір ауыл тұрғыны телефон шалып, далаға шықшы деген. Қыз шыққанда бұл да оны көлігіне салып алып, жыныстық қатынас жасаған. Жәбірленушінің психикалық ауытқушылығы бар. Екі күдікті қазір қамауда, қылмыстық іс қозғалды", деп атап өтті Ішкі істер басқармасы.

Милиция өкілдері ұсталғандардың өз кінәсін тек ішінара мойындап отырғанын жеткізді. Күдіктілердің сөзінше, жыныстық қатынас келісіммен болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды