Қостанай облысында бойжеткенді трактор басып кетті

yandex.ru
К-700 көлігін тізгіндеген жүргізуші, кешқұрым көшені қардан тазартып жүрген.

Қостанай облысында 24 жастағы бойжеткенді алып трактор басып кетті. Ауыр техниканың астында қалған аудан тұрғыны оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Сарыкөл ауданында болды. К-700 көлігін тізгіндеген жүргізуші, кешқұрым көшені қардан тазартып жүрген. 54 жастағы тракторшы бойжеткенді байқамай қалғанын айтқан. Алып техниканың астында қалған тұрғын ауыр жарақаттан көз жұмды. Полицейлер қылмыстық іс қозғаған, егер тракторшының кінәсі дәлелденсе 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Жалпы жыл басынан бері облыста 32 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам мерт болып, 44-і жарақат алған.

Кенже Қонысбай, Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

ҚР ҚК 345 бабы 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Әзірге белгілі болғаны трактор жүргізушісі ешқандай ішімдік ішпеген.

З. Санай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді