Астанада жолаушылар автобусы өртенді

Өрт сөндіруші, өрт, Астана, жолаушылар автобусы , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 12:34 Сурет: видеодан алынды
27 маусымда Астана қаласы, Есіл ауданы, әл-Фараби даңғылы бойында жолаушылар автобусының қозғалтқыш бөлігінен өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел жіберілді.

"Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер автобустың қозғалтқыш бөлігі ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Құтқарушылар келгенге дейін жолаушылар автобустан өздігінен шығып үлгерген. ТЖМ қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның автобусқа толық таралуына жол бермеді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бұған дейін Алматының қақ ортасында жер астынан от шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: