Ақтауда Яков пен Кәрім полиция қызметкерін сабап тастаған

lada.kz
Базбұзарларға бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде мас екеу полицейді ұрып-соғып, формасын жыртып тастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Lada.kz мәліметіне сәйкес, құжаттарын көрсетуді сұраған полиция қызметкерін мейрамханада демалып отырған екі адам ұрып-соғып, формасын жыртқан. Бұл іс бойынша Ақтау қалалық сотында үкім шығарылды.

2-ші шағын аудандағы қалалық мейрамханалардың бірінде Яков пен Кәрім мас күйінде болған. Ер адамдар полиция қызметкерінің құжаттарын көрсетуді сұраған заңды талаптарын агрессивті түрде қабылдаған. Олар полицейге аяқ-қолымен бірнеше рет соққы жасап, сондай-ақ оның формасын жыртып тастаған », - дейді соттағылар.

Азаматтар ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлігі және ҚР ҚК 380-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Олар бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот шешімі 4 наурызда жарияланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты