Бұрынғы жоғары шенді полицей 5 жылға сотталып кетті

pxhere.com
Жол апатынан үш адамнан тұратын бір отбасы қаза тапқан.

Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің қаржылық қамтамасыз ету басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Жасұлан Аққошқаров бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты Қызылорда-Павлодар тас жолында болған. Ауди В5 көлігін тізгіндеген басқарма бастығының орынбасары қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, Lada көлігін соққан.
Lada-ның ішіндегі үш адамнан тұратын отбасы қайтыс болды.

Жасұлан Аққошкаровқа қатысты ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес "көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережесін бұзуы салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" қылмыстық іс қозғалды.

Сот отырыстары кезінде 40 жастағы полиция майоры "келуге міндеттеме" алды және көп ұзамай зейнетке шығып кеткен.

Қарағанды ​​облысының №2 Абай аудандық соты бұрынғы полиция қызметкерін кінәлі деп танып, сотталушының нақты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына лайық екенін атап өтті.

Қылмыстық іс материалдарын зерттеп, сотталушының, оның қорғаушысының, жәбірленушілердің дәлелдерін тыңдап болғаннан кейін, сот айыпталушының кінәсін дәлелді деп санайды. Судья Ардақ Жаманғарина сотталушыны Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен сотталушыны қылмыстық-атқару жүйесінің күзеті жеңіл мекемесінде бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Қосымша жаза ретінде бұрынғы орынбасар жеті жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды