Желідегі жермен-жексен болған жедел жәрдем көлігінің видеосы: Алматы облысында болған

видеодан алынды
Апат салдарынан жедел жәрдем жүргізушісі мен қасындағы жолаушы-фельдшер зардап шекті.

Әлеуметтік желілерде жедел жәрдем көлігінің түгі қалмаған видеосы тарауда. Бұл жол апатының 10 сәуірде Алматы облысында болғаны белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

10 сәуірде сағат 21.00 шамасында Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында Chevrolet Cobalt пен УАЗ-396295, яғни жедел жәрдем көлігі оңбай соқтығысып, соңғысының түгі қалмай жапырылып қалды.

Шығыс бағытпен келе жатқан Chevrolet Cobalt жолдың 26-шы шақырымында арақашықтықты сақтамай, жолдың оң жағына шығып, қасынан өтіп бара жатқан жедел жәрдем қызметіне тиесілі көлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Алматы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан жедел жәрдем жүргізушісі мен қасындағы жолаушы-фельдшер зардап шекті. Көптеген дене жарақаттарымен олар Талғардағы орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Chevrolet Cobalt-тың 1980 жылғы жүргізушісі А-ға қатысты ҚР Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 610-бабының 2-тармағына сәйкес, іс қозғалды. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, шетелдік көліктің жүргізушісінен алынған сынамадан алкоголь бары анықталды, оның қанында 0,27 промилль алкоголь болған. Яғни, аздаған спирттік ішімдік тұтынғанымен жүргізуші мас күйде болмаған. Өз кезегінде, Chevrolet жүргізушісі жауап алу кезінде көлігінің дұрыс жұмыс істемегенін, одан соң рөлде көзі ілініп кеткенін, тек ауыр соққы кезінде оянғанын айтты. Шын мәнінде жағдай қалай болғаны тергеу барысында нақтыланады, бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды, содан кейін процессуалдық шешім қабылданады, - деді полициядағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты