Тұшпарадан уланбапты. Шымкентте қос баланың өліміне қатысты күдікті ұсталды

Pixabay
Қайғылы оқиға 2019 жылы 3 қарашада және 2020 жылдың 10 ақпанында тіркелді.

Шымкент полициясы қаладағы екі баланың өліміне қатысты тергеудің кейбір мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдында БАҚ беттерінде 2019 жылы 3 қарашада Шымкентте белгісіз заттан улану салдарынан 4 жасар және бір жасар ұл балалардың қайтыс болғаны жарияланған. Оқыс оқиғада тамақтың улануы немесе пропан газынан улану деген екі болжам аталды. Бірақ, кісі өлімі мұнымен шектелмеді. 2020 жылы 13 ақпанда сегіз айлық бала белгісіз заттан уланып, көз жұмды. Екі факті де Еңбекші аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, тергеу әлі де ҚР ҚК 304-бабы (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша жалғасып жатыр.

Көптеген тергеу әрекеттерінің және қосымша тағайындалған сот-медициналық сараптамалардың нәтижесінде балалар өлімнің себебін анықтауға мүмкіндік туды. Тәжірибелі тергеуші мен жедел қызметкерлердің іс-әрекеттерінің арқасында күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Ол 42 жастағы ер адам болып шықты. Қайғылы оқиғаға дейін күдікті балалар тұратын үйлерде зиянды жәндіктерге қарсы улы химикаттармен зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізгені белгілі болды. Ол ауылшаруашылық саласында қолдануға арналған "Имидаклоприд" затын қолданған, - деп хабарлады Шымкент қалалық ПД.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды және сот екі айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды