СМС-ін көріп қойдым. Күйеуі әйелін қызғанып, бөтенді соққыға жықты

Сурет: zakon.kz
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 2-тармағы (бұзақылық) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысында ер адамды қызғаныштан соққыға жыққан екі Атасу кентінің тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11 мамырда Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 43 жастағы Атасу кентінің тұрғыны хабарласып, екі адам бұзақылық әрекет жасап оны үйінің ауласында соққыға жыққандығы туралы арызданған.

Полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 және 32 жастағы Атасу кентінің тұрғындары анықталды. Оқиғаның мән жайын анықтау барысында ұсталғандардың бірі жәбірленушінің күдіктінің жұбайына көз салып, кездесуге шақырғаны туралы СМС хат жазып, сол үшін қызғаныштан соққыға жыққандығы туралы мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 2-тармағы (бұзақылық) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады