Алматыда карантин кезінде құлыптаулы болған бутиктер тоналған

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Олар қала ішіндегі 15 қылмыстық эпизод бойынша күдікке алынған.

Алматыда ұрылар ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Күдіктілер киім дүкендерінің құлыптарын бұзып, құнды деп санаған заттардың барлығын үптеп кеткен. Белгілі болғандай, екеуі де осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын бірнеше рет сотталған.

Олар тек жеке ұйымдардың ғимаратына ұрлыққа түскен: спорт киімдері, әйелдер аксессуарлары бутиктеріне, сұлулық салондарына, шаштараздар мен басқа нысандарға. Бұл адамдар кеңсе компьютерлерінен бастап іш киімге дейін ұрлаған. Құлыптарды ашуға арматура қайшыны пайдаланған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрылар қылмыс үстінде ұсталды. Екі адам да Алматы ПД тергеу изольяторына тоғытылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі - ірі көлемде жасалған ұрлық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды. Олар қала ішіндегі 15 қылмыстық эпизод бойынша күдікке алынған. Одан өзге де заңсыз әрекеттерге қатыстылығы тексеріледі, - деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция бөлімінің бастығы подполковник Абзал Тұрғанәлі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі