45 жастағы Талдықорған тұрғыны 9 келі гашишпен ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Талдықорғанның тәртіп сақшылары ірі көлемде есірткі партиясын тәркіледі.

Алматы облысы ПД қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ер адам ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Арнайы іс-шара барысында бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 45 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Оның мекенжайына санкцияланған тінту жүргізу кезінде үш жарым грамм марихуана тәркіленді. Одан әрі оның гаражын тексеру барысында ішіне 9 килограмға жуық гашиш салынған полиэтилен пакеті табылды. Күдіктінің мекенжайынан табылған есірткі заттарының барлығы тәркіленіп, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді. Тергеу барысында тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді облыстық Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Қазбек Мухамедов.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2,4- тармағына сәйкес аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды