Семейде нөсер дауылға ұласып, аурухананың шатыры қирады

видеодан алынды
Ал аспалы көпірдің төңірегіндегі арық жүйелері жиналған суды ағызып үлгере алмады. Соның салдарынан ондаған көлік көлшікке батып, жолда қалған.

Кеше Семейде нөсер жаңбыр мен бұршақтың соңы дауылға ұласып, жұртты әуре- сарсаңға салды. 20 минут жауған жауын бірқатар көшені суға толтырып, көлік қозғалысы қиындаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жаңбыр суының тереңдігі кей жерлерде шамамен 40 сантиметрге жеткен. Ал аспалы көпірдің төңірегіндегі арық жүйелері жиналған суды ағызып үлгере алмады. Соның салдарынан ондаған көлік көлшікке батып, жолда қалған. Тіпті кейбір көшелерде жаяу жүргіншілердің жүріп өтуі қиынға соқты. Қазір қаланың коммуналдық қызметінің арнайы сусорғыш техникалары селмен күресуде. Ал жаңбырдан кейінгі дауылға көшедегі талдар шыдас бермеген.

Думан Икенов, Семей қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері:

- Ауа-райының құбылуынан Семейдің кейбір көшелерін су басты. Лесная, Засядка көшелерінің бойында талдардың құлағаны туралы оқиға тіркелді. Және де қаладағы №2 қалалық аурухананың шатыры ұшқаны туралы ақпарат келіп түсті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме