Қасым-Жомарт Тоқаев педофилді ұстаған полиция қызметкерін "Айбын" орденімен марапаттады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Өзінің қызметтік міндетін орындау барысында көрсеткен батылдығы мен адалдығы үшін үшін ҚР ІІМ Алматы қалалық полиция департаментінің Түрксіб аудандық полиция бөлімінің ізкесуші қызметкері Бакытжан Ануарбекұлы Бәкіров II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталсын", делінген Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысында.
Бақытжан Бәкіров полициядан қашқан қылмыскердің соңынан еріп, 12-қабаттың терезесінен секірген болатын. Төмендегі 10-қабаттың террассасына топ етіп түскен тәртіп сақшысы аяғын сындырып алған. Соған қарамастан, ол қылмыскердің қолы бұрап, қасындағы әріптесі келгенше оны ұстап тұрған.
ҚР ІІМ ресми сайтының хабарлауынша, ұсталған адам кәмелетке толмаған баланы тонау және зорлау үшін айыпталуда. Алматы қалалық полициясы оны төрт күн бойы іздеді. Полиция майоры Бақытжан Бәкіровтың аяғына үш рет ота жасалды. Дәрігерлер оның жуырда жұмысқа оралатынын айтады. Ол - алты бала тәрбиелеп отырған көп балалы әке.