Қостанай облысында ер адам полиция қызметкерінің құлағын қыршып алды

superomsk.ru
Жыл басынан бері полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетудің 9 фактісі тіркелген.

Қостанай облысында полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету жағдайлары жиілеп кетті. Бұл туралы арнайы брифингте Жеке қауіпсіздік басқармасының басшысы Жәнібек Камзенов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Әулиекөл ауылында ВАЗ 2110 көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушысы карантин режимін бұзған. Ұстау кезінде олар белсенді түрде қарсылық танытып, көліктегі жолаушы полиция қызметкерінің бірінің құлағын қыршып, бір бөлігін жұлып алған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігі - Билік өкіліне зорлық-зомбылық қолдану бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Камзеновтың айтуынша, жыл басынан бері полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетудің 9 фактісі тіркелген. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшіні қорлаудың 45 фактісі тіркелді. Ол бұл әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске салды. Полицияның әрекеттерімен келіспеген жағдайда сіз 54-42-47- сенім телефонына немесе 102 нөміріне хабарласуыңыз керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді