Жемқорлар Арысты қалпына келтіру үшін бөлінген ақшаға да ауыз салыпты

afk.kz
2019 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін мердігер компанияның бір топ адамы 50 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқырған.

Батыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасындағы ұрлыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің ерекше маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров арнайы брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарына қатысты аса ірі көлемде ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деді Биғайдаров.

Оның айтуынша, 2019 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін мердігер компанияның бір топ адамы 50 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқырған.

Ол бұл ақшаның, негізінен, Түркістан облысы Арыс қаласында төтенше жағдайдан соң бүлінген үйлерді қалпына келтіру кезінде 46 тұрғын үйді ағымдағы жөндеуге бөлінгенін баса атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін