Түркістан облысының полицейлері ауруханадан компьютер ұрлаған күдіктіні анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.
Шардара АПБ-не аудандық орталық ауруханада ұрлық болғаны жөнінде хабарлама келіп түседі. Арызда белгісіз адам ауруханаға қабылдау есігі арқылы кіріп, ашық қалған мәжіліс залында тұрған бір дана компьютерді (моноблок) клавиатурасымен қосып жымқырып кеткені көрсетілген. Келтірілген шығын көлемі 230 мың теңгені құрады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді. Ұрлық қылмысын ашу мақсатында ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылған. Жедел уәкілдер бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде ауруханаға тиесілі техникалық құралдарды жымқырған күдіктінің жеке басы анықтап, ол аудан көшелерінің бірінен бір сағат ішінде табады. Ол бұрын бірнеше рет сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті ұрлаған компьютерді азық-түлік дүкендерінің бірінен өзіне қажетті заттар алып, кепілге қойып кеткен. Айғақты заттар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды.