"Басынан атқан". Кәмелетке толмаған балаға тиіспек болды деп күдікке ілінген ер адам өлі табылды

gunforum.com.ua
"Суицидке итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кәмелет жасқа толмаған қызға тиісіп, зорламақ болды деп күдікке ілінген ер адам Қапшағай қаласынан атылған күйі өлі табылды. Оқ марқұмның басына тиген, деп хабарлайды zakon.kz.

Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың 13 тамызында Қапшағай қаласындағы үйлердің бірінде ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігімен қала тұрғынының кәмелетке толмаған қызына қатысты құқық бұзушылық фактісі бойынша күдікті болып табылатын азаматтың мәйіті табылды.

Тексеру кезінде оның өзін-өзі атып өлтіргені анықталып, мәйіттің сол жағында "GrandPower" маркалы 10,27 мм калибрлі газ-травматикалық тапанша табылған. Тапанша 2015 жылдан бері "жоғалып кетті" деп тіркеуде болған. Кісі өлімі фактісі Алматы және Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің 2020 жылдың 13 тамызында ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, "Суицидке итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады департаменттегілер.

Бұл іске қатысты басқа мәліметтер жария етілмеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді