"Әкім коронавирус болып қалыпты" деп жалған ақпарат таратқан әйел жазаланбайтын болды

Әйелге қатысты қылмыстық іс жабылды, өйткені оның аудио хабарламаны көпке тарату ниеті болмаған.

Әкімге "коронавирус" деп диагноз қойған қарағандылық әйел жазаланбайтын болды. Ол жалған ақпарат таратқаны үшін көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Инстаграмдағы patriotkaragandy парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бір әйел танысынан Бұқаржырау ауданының әкімі коронавирус болып қалғанын естігенін, бірақ оны облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен бұқаралық ақпарат құралдары жасырып отырғанын айтады. Әйелдің осы мағынадағы аудиожазбасы ватсап арқылы жіберілген. Ол ват-саптағы топтарда бөлісіліп, көпшілікке жария болған.

Ват-сапта жүрген бұл аудиожазбаны көп адам тыңдады, тіпті Бұқаржырау ауданының әкімі де естіп, өзінің ешқашан коронавируспен ауырмағанын, сондықтан осындай жалған ақпарат таратушы әйелді дереу табуын сұрап, полицияға хабарласты, деп жазады пост авторы.

Әрі қарай жазба авторы Қарағанды ​​облысы полиция басқармасы бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаровпен байланысқа шыққанын хабарлайды. Полковник әйелге қатысты қылмыстық іс жабылғанын айтқан, өйткені оның аудио хабарламаны көпке тарату ниеті болмаған, тек туыстарына ескерту жасағысы келіп, бір адамға жіберген. Бірақ туыстары оны ват-саптағы топқа салып жіберген.

Қылмыстық кодекстің 274-бабының 1-бөлігі, "Телекоммуникациялық желілерді пайдаланып, көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша тергеу жүргізілген қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.- деді Ернат Қалиақпаров.

Сондай-ақ, әйелдің әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұраған видеосы тарады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: