Алматыда жоғалып кеткен бала ойнап жүріп, кеш батқанын білмей қалған

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Месут Мырзақұлов анасының қолына тапсырылды.

Алматы қалалық полиция департаменті 9 жасар Месут Мырзақұловты іздеу жұмысы қалай жүргенін баяндап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бала бұрын көрші болып тұрған досына қонаққа барғаны анықталды. Месут ол үйдегі ата мен әжеге анасынан рұқсат сұрағанын айтып, қонып қалады. Өйткені қайтуға кеш, дала қараңғы болып кеткен. Осы үйден бала табылды. Бақытымызға орай, ол аман-сау. Баланың іс-әрекетін балалыққа телуге болады, дегенмен біз оны жоғалтып алып, қатты алаңдадық. Іздестіру топтары мен кинологтар баланы түні бойы іздеді. Таңертең еріктілер мен мұғалімдер де іздеу жұмысына жұмылды. Өз кезегімізде біз баланы табуға көмектескендердің барлығына алғысымызды білдіреміз. Барлығымыз жабылып жүріп, ақыры бұл сәтімен біткен іс болды, - деді Алматы полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Месут Мырзақұлов анасының қолына тапсырылды.

- Менің ұлым табылды. Қатты қуанып тұрмын. Көмектескендеріңіз үшін барлығыңызға рахмет, - деді баланың анасы және ұлына мұқият болуға уәде берді.

Месуттар отбасының екі баласы бар. Оның ізін басып, өсіп келе жатқан кішкентай қарындасы бар екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды