Жаңаарқадағы спартакиадада тәртіп бұзғандарды полиция жауапқа тартты

2026 жылғы 25 шілдеде Ынтымақ ауылында өткен аудандық спартакиада кезінде күрестен финалдық белдесуден кейін спортшылардың бірі мен көрермен арасында жанжал шықты., сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2026 12:43 Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылғы 25 шілдеде Ынтымақ ауылында өткен аудандық спартакиада кезінде күрестен финалдық белдесуден кейін спортшылардың бірі мен көрермен арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, белдесу аяқталған соң спортшылардың бірі төрешілердің шешімімен келіспейтінін білдірген. Кейін ол көрермендердің бірімен сөзге келіп қалған. Жанжал дер кезінде тоқтатылды.

Оқиға туралы хабарлама Жаңаарқа аудандық полиция бөліміне келіп түсті. Аталған дерек белгіленген тәртіппен тіркелді.

Полиция қызметкерлері жанжалға қатысқан азаматтардың барлығын полиция бөліміне жеткізіп, профилактикалық әңгіме жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Полиция спорттық жарыстар өзара құрмет пен қоғамдық тәртіпті сақтау қағидаттарына сай өтуі керектігін еске салды. Агрессия таныту, қоғамдық тәртіпті бұзу және айналадағы адамдарды құрметтемеу Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: