Жаңалықтар тізбегі
0

Астана тұрғыны балалар емханасында дәрігердің телефонын сындырып тастаған

дәрігер, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2024 20:12 Сурет: pixabay
Астанада балалар емханасында әйел мен дәрігер арасында жанжал шықты. Жанжал кезінде әйел дәрігердің телефонын сындырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

22 маусымда сағат 19.40-та 41 жастағы әйел екінші қалалық балалар емханасында дәрігермен жанжал кезінде оның телефонын сындырып, басқа біреудің мүлкіне зиян келтірді.

Сонымен бірге әкімдік Астанада вандализм және қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайларымен күрес жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Қаланың 71 жастағы тұрғыны 3 мамыр күні түстен кейін Абай даңғылындағы №47 үйдің жанында тұрақта болған. Ол тұрақта тұрған "Тойота Королла" көлігінің алдыңғы терезесін зақымдап, бөтен адамның мүлкіне зиян келтірді.Тәртіп сақшылары оны тауып, "бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 147-бабы-1-бөлігі бойынша жауапқа тартты. Оған 20 АЕК айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

17 маусымда Молдағұлова көшесі, 22/1 мекенжайында сағат 23.30-да болды. 47 жастағы азамат Chery Tiggo 7 көлігінің фарасын әдейі зақымдаған. Келтірілген залал сомасы 600 мың теңгені құрады.

Барлық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: