Нұр-Сұлтанда 47 ойын терминалының иесі сотталды

almaty.tv
Күдікті аса ірі көлемде пайда табу мақсатымен бір топ тұлғамен бірге заңсыз ойын бизнесін жүргізген.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті елорда тұрғынына қатысты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті аса ірі көлемде пайда табу мақсатымен бір топ тұлғамен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 47 ойын терминалын қолданып, заңсыз ойын бизнесін жүргізген.

Нұр-Сұлтан қ. Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен елорда тұрғыны ҚР ҚК 307-б. 2-б. 2-т. сәйкес айыпты болып танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі