Қарағандыда жұмысшылар наразылығынан кейін фабриканы бұзу жұмыстары тоқтатылды

Elena Weber (RFE/RL)
7 қыркүйекте Қарағанды маңындағы "KAZ Феррит" фабрикасының жүзден астам жұмысшысы наразылық акциясын өткізген.

Қарағанды маңындағы "KAZ Феррит" көмір байыту фабрикасын бұзу жұмыстары тоқтатылды. Осыған дейін фабриканың жүзден астам жұмысшысы конвейер орналасқан аумақты босату қажеттігі жайлы сот шешіміне қарсылық танытып, 500 адам істейтін кәсіпорынның жабылуына жол бермеуді сұраған еді, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

– Прокуратура сот орындаушыларынан өндіріс құжаттарын сұратып, заңдылығын тексеретінін хабарлады. Әзірге іс тоқтатылды. Енді бізде қосымша уақыт бар, – деді Азаттыққа "KAZ Феррит" компаниясының заңгері Асхат Ниязов.

Қарағанды облысының прокуратурасы сот шешімін орындау тоқтатылғанын растады. Бұған дейін жергілікті сот "KAZ Феррит" пен "СВХ-Портал" компаниясы арасындағы жер дауы мәселесін қарап, "СВХ-Порталды" байыту фабрикасының өндіріс линиясы орналасқан аумақтың иесі ретінде таныған болатын.

7 қыркүйекте Қарағанды маңындағы "KAZ Феррит" фабрикасының жүзден астам жұмысшысы наразылық акциясын өткізген.

Сотта жеңген "СВХ-Портал" компаниясының өкілдері бұған дейін осы аумақтан өздері де пайда тапқысы келетінін айтып, "KAZ Ферриттің" жалға алу шартымен келіспей отырғанын жеткізген.

Ал оқиға орнына келген билік өкілдері өндіріс линиясы орналасқан аумақты мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыратынын айтқан. Қарағанды әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің мамандары егер жер мемлекет меншігіне өтсе, оны пайдалану мәселесін мемлекеттік комиссия шешеді деген еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті