Алматы облысында жас ана баласын тұншықтырып, денесін тоңазытқышқа жасырған

Мамандар бүлдіршіннің нақты қай күні қасақана өлтірілгенін де тексеруде.

Алматы облысындағы жер үйлердің біріндегі мұздатқыштан 2 жасар баланың мәйіті табылды. Сұмдық оқиға Қаратал ауданына қарасты Бастөбе ауылында болды. Дереу іске кіріскен полицейлер күдктінің кім екенін анықтаған. Қатыгез ана баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген көрінеді. 27 жастағы келіншектің бұл қылмысын әпкесі әшкерелеген, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Талдықорған қаласынан 60 шақырым жердегі Үштөбе қаласына қарасты Бастөбе ауылындағы дәл осы үйде болған. Көршілердің айтуынша, келіншекті жиі көргенімен, оны баласымен біраз уақыт көрмеген. Яғни, сәбидің қашан өлтірілгені, денесі тоңазытқышта қанша жатқаны белгісіз.

Гүлзия Қоңырова, Бастөбе ауылының тұрғыны:

Естігенім солай 2-3 ай жатқан дейді. Тоңазытқыштан баланы таптық, милиция келді деді. Мен бір-ақ рет көрдім келіншекті. Танымаймын. Осы амандасты да кетті. Ал, баласын көрген жоқпын.

Қылмысын жасырмақ болған жауыз ананың әрекетін туысы әшкерелепті. Шілде айынан бері жиенін көрмеген әпкесі сіңілісінен баланың қайда екенін бірнеше рет сұраған. Алайда, ол ұлын Талдықорғанда тәрбиешінің қарауына жібергенін алға тартып, үйге кіргізбей қойыпты. Бұл қарсылығынан сезіктенген әпкесі, сіңілісі жоқта терезеден үйге кірген екен. Сол кезде сұмдық оқиғаның куәсі болған. Тоңазытқышты ашқанда 2 жасар бүлдіршіннің мәйітін көрген.

Ақбота Әзірбек, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:

5 қазан күні. Қаратал аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы үйлердің бірінде екі жасар баланың мәйіті табылғаны жайлы суық хабар келіп түскен. Сол күні ізі суымай, жергілікті тұрғын, 27 жастағы әйел ұсталды. Ол өз баласын өлтіргенін мойындады.

Күдікті келіншек полицейлерге болған жайттың барлығын баяндап, қылмысты қалай жасағанын толықтай көрсетіп берген. Ол ұлын алдымен ұйықтатқан, солан кейін жастықпен тұншықтырып өлтірген екен. Ал, мәйітті тоңазытқышқа салып тастапты.

Положила сюда и он конечно не вмешался. И полу леже я положила сюда.

Полицейлерге берген жауабында күдікті баласының әкесімен ажырасып кеткенін айтыпты. Бұрынғы күйеуі қазір шетелде тұрып жатқан көрінеді.

Татьяна Алалыкина, Бастөбе ауылының тұрғыны:

Онда әлдебір проблемалар болған болған сияқты. Күйеуімен ажырасып кеткен. Баласын тәрбиешіге бергесі келіп жүрген. Оның үстіне ұлын қатты жақсы көретінін айтатын. Дүкенге келген сайын қажетті заттарды да сатып алатын. Мұндай сұмдық қылмысқа қалай барғанын білмеймін. Мүмкін, бір себептер түрткі болған шығар...

Қазір күдікті Қаратал аудандық полиция бөліміндегі уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жас баланы өлтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мамандар бүлдіршіннің нақты қай күні қасақана өлтірілгенін де тексеруде. Ол үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Алматы облысындағы жер үйлердің біріндегі мұздатқыштан 2 жасар баланың мәйіті табылды. Сұмдық оқиға Қаратал ауданына қарасты Бестөбе ауылында болды. Дереу іске кіріскен полицейлер күдктінің кім екенін анықтаған. Қатыгез ана баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген көрінеді. 27 жастағы келіншектің бұл қылмысын әпкесі әшкерелеген екен. ???? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19

Публикация от Первый канал Евразия (@1tvkz)

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: