Ақтөбедегі кафеге арнайы жасақ сарбаздары сау ете түсті

Мейрамхана әкімшілігі айыппұл төлейтін болды.

Ақтөбеде полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ (СОБР) сарбаздарының кафеге баса-көктеп кірген видеосы тарауда, деп хабарлайды zakon.kz.

13 қазанда Ақтөбе қаласының ПБ қызметкерлері Жұбанов көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірі жұмыс істеп жатқанын, сөйтіп карантин режимін бұзғанын анықтады. Көрсетілген мекен-жайға жедел-тергеу тобы, патрульдік полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ сарбаздары жіберілді, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген құқық қорғау органы өкілдері шектеу шараларын, оның ішінде карантинді бұзу фактілерін анықтады, залда және жеке бөлмеде тұтынушылар болған.

Полиция қызметкерлері мейрамхана әкімшілігіне қарсы материал жинап, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау депуратментінің Ақтөбе қалалық бөліміне ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: