Полицейлерді ұстау операциясы жол апатымен аяқталды

tengrinews.kz
Тәртіп сақшыларының бірі қаза болды.

Жамбыл облысында есірткі сатушылар анықталып, кейін олардың полицей екені белгілі болды.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыскерлерді ұстау үшін арнайы операция ұйымдастырылды.

Шу — Тараз тас жолында құрықтау барысында күдіктілер қарсылық танытқан. Toyota Land Cruiser 80 мінген олар арнайы жасақ қызметкерін қағып, қаша жөнеледі. Көлікті тоқтату үшін полицейлер қару қолданды. Оқиға орнында түсірілген фотосуреттен жол талғамайтын көліктің аударылғанын көруге болады, деп жазады kolesa.kz.

Үш күдіктінің екеуі оққа үшып, бірі ауруханада көз жұмған, екіншісі стационарда жатыр. Ал үшіншісі изоляторға қамалды. Жарақат алған арнайы жасақ қызметкері ауруханада ем қабылдауда. Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 297, 345, 362-баптары бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады