2020 жылғы 29 қазанда сағат 11.31-де Алматы облысы ТЖ департаментіне Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехта қағаз кептіруге арналған қазандықтың жарылғаны және ішінара шатырдың құлағаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнында өрт болған жоқ.
ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, апатты жағдайдың салдарынан 1983 жылы туған бір жұмысшы қайтыс болды (үйіндінің астында қалды, ТЖД күштері шығарып алды). Ал 1999 жылы туған тағы бір жұмысшы түрлі жарақатпен Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.
Цехтың ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Апат орнының көлемі 25 шаршы метр. Цехтың төбесі шатыр түрінде жасалған, бір қабатты, профильді жабындымен жабылған, қабырғалары сплитерлік блок.
Алдын ала болжам бойынша апатты жағдай өндіріс технологиясының бұзылуы салдарынан орын алған.