Алматыда полиция арнайы операция жүргізді

polisia.kz
Олар арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар үш күдіктіні ұстады.

Алматыда пәтер тонаумен шұғылданатындарды ұстау үшін арнайы операция өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматылық полиция қызметкерлері 11 қарашада Бостандық ауданында арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар үш күдіктіні ұстады.

- Ұсталғандардың үшеуі де Алматы облысының тұрғындары болып табылады. Олардың екеуі бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. Күдіктілер осыдан бір күн бұрын Қабанбай батыр көшесінде орналасқан пәтерлердің біріне ұрлыққа түскеннен кейін ұсталды. Оңай ақшаға құныққан олар ақша мен құнды мүліктерді алып кеткен. Ұрланған заттар тәркіленді, қаскөйлер оларды сатып үлгермеген. Қазір олардың Алматы қаласының аумағында жасалған 11 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Сонымен қатар біздің ақпаратымыз бойынша, оларды Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларындағы әріптестеріміз аталған қалаларда бірнеше пәтер ұрлығын жасағаны үшін іздеуде, – деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды