"Unique Finance" компаниясына ақша салғандарға полицияға шағымдануға кеңес берілді

Олар өздерінің заңсыз әрекеттерін Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Орал қалаларында қолға алған.

Шетел азаматтары еліміздің бес қаласында қаржы пирамидасын құрып, заңсыздыққа барған, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеулер департаменті шетелдік азаматтардың қаржылық пирамида ұйымдастыру фактісін анықтады.

Қаржылық пирамиданы ұйымдастырушылар "Unique Finance" шетелдік компаниясының өкілдеріміз деп өздерін таныстырып, халыққа ақшасын "Pepsi", "Nike", "Microsoft", "Ford", "BMW" сияқты ірі халықаралық компаниялардың құнды қағаздарына салуды ұсынғаны анықталды

Инвесторларға келісімшартқа қол қойғаннан кейін ай сайын салған инвестицияның жалпы сомасынан 6% көлемінде, сондай-ақ жаңа серіктестің жарна сомасынан 5% пайда беруге уәде берілді. Айта кету керек, бұл компанияға салынуы тиіс ең төменгі жарна 1000 АҚШ долларын құрайды, - деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің ҚМК баспасөз қызметі.

Бірақ іс жүзінде пирамиданы ұйымдастырушылар "брендтік" компаниялардың жалған акцияларын ұсына отырып, салымшылардың қаражатын жымқырған.

Олар өздерінің заңсыз әрекеттерін Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Орал қалаларында қолға алған, деп хабарлады комитеттегілер.

"Unique Finance" компаниясына ақша салған адамдарға полицияға шағымдануға кеңес беріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: