Ақмола облысында мас әйел өз қызын пышақтап алған

Яндекс
Полициядағылар тергеу амалдарын қолға алды.

Дастархан басында ащы суға бас қосқан әйелдер арасында жанжал туып, салдарынан анасы қызына пышақ жұмсаған, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылы 11 қарашада облыс аудандарының бірінің полиция бөліміне мейірбике хабарласып, 35 жастағы әйелдің жедел жәрдем бөліміне "Сол жақ жауырынның астындағы 4-5 қабырға арасына сұғылған дене жарақаты, алкогольдік масаңдық" диагнозымен жеткізілгенін хабарлады" - дейді полициядағылар.

Полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, яғни "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Кейінірек полиция анықтағандай, 2020 жылы 11 қарашада жәбірленуші үйде болған кезде анасымен бірге алкоголь тұтынған. Ішімдік ішу барысында олардың арасында әдеттегідей өзара сөз тартыс болған. Нәтижесінде жәбірленушінің анасы ас үй пышағын алып, қызының арт жағынан келіп, сол жағына сілтеген.

Сонымен қатар, 58 жастағы әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 195-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты