Алматыда полиция қызметкері 26 мың доллар пара алғаны үшін сотталған

Inbusiness.kz
Ол пара алып жатқан жерінде ұсталды.

Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына түскен қоыңрауға байланысты полиция қызметкері ұсталып, сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару бөлімінің бастығы Нұрлан Жақсымбетовтің айтуынша, биылғы жылдың 10 айында Call-орталыққа 25 мыңнан астам қоңырау келіп түскен, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12% -ға артық көрсеткіш.Оның 5,3 мыңға жуығы Anticor құзыретіне тікелей қатысты.

Жақсымбетовтің айтуынша, 806 шағымда сыбайлас жемқорлық фактілері бар. Оның 633-і әлі тексеріліп жатыр. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 75 шағым бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде 21 қылмыстық іс сотқа жіберіліп, 13 іс бойынша үкім шығарылды.

Ол бұл ретте Алматыдағы қылмыстық істі мысалға келтірді. Алматы қаласы Медеу аудандық сотының үкімімен полиция бөлімінің қылмыстық істің ақ-қарасын ажыратуға тартылған полиция қызметкері қылмыстық істі жабу үшін 26 мың доллар көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол Call-орталыққа түскен қоңыраудан кейін парамен ұсталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады