Жеңіл көлігіне бұқа тиеп алған мас жүргізуші ұсталды

zen.yandex.ru
Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Полиция жүргізуші куәлігінен айырылған, мас жүргізушінің жеңіл автокөлігіндегі жолаушылар орынынан 4 айлық бұқаны тапты, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңертең Алматы-Өскемен автожолының 230 шақырымында Көксу ауданы Балпық би кентінің жанынан № 30 борт патрульдік полиция 2-взводының патрульдік полицейлері масаң күйде болған, Мұқры ауылының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Фольксваген Гольф" автокөлігін тоқтатқан. Тәртіп сақшыларының таңданысына қарай артқы орындықта жолаушы ретінде бұқа отырған.

"2019 жылы жүргізушінің үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес СДТБТ-де тіркелді. Күдіктінің ішімдік ішкеннен кейін, көрші ауылда тұратын ағасына төрт айлық бұқаны апаруға шешім қабылдағаны белгілі болды", - деп хабарлайды Көксу АПБ бастығы полиция подполковнигі Рамиль Гимадиев.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Күдіктіге қатысты мекенжайын өтгертпеу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

"Мен барлық жүргізушілерге жүгінемін, ақылды болыңыз, рөлге масаң күйде отырмаңыз, өзіңізді және өзгелерді сақтаңыз. Естеріңізге сала кетейін, көлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін басқару құқығынан айырылған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Құқық бұзушыға қатысты ірі айыппұл немесе басқа 5 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қолданылуы мүмкін", - деп толықтырды Рамиль Гимадиев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты