Талдықорғанда 19 жастағы жұмыссыз жігіт қарт әйелді тонады

видеодан кадр
Күдікті ақшаны алып, сөмкені, әмиянды және құжаттарды қылмыс орнына жақын жерге лақтырып жіберген.

Талдықорғанда полицейлер егде жастағы әйелді тонаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорған қаласы ПБ Батыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне 66 жастағы жергілікті тұрғын тоналғаны туралы арызданған. "Жастар" шағын ауданында белгісіз ер адам әйелден әмияны, 85 000 теңгеден астам ақша қаражаты, банк карточкасы, жеке куәлігі және зейнетақы куәлігі бар сөмкесін алып кеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Күдікті ақшаны алып, сөмкені, әмиянды және құжаттарды қылмыс орнына жақын жерге лақтырып жіберген.

Тәртіп сақшылары жедел түрде күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны орталық саябақ аумағынан ұстады. Ұсталған азамат облыс орталығының еш жерде жұмыс істемейтін 19 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қарақшылық дерегі түсіп қалған бейнежазба мен басқа да дәлелдемелер ұсынылғаннан кейін, ол ақшаны өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын жеткізіп, қылмыс жасағанын мойындады. Тергеу барысында ол сөмкені, әмиянды және құжаттарды тастаған жерлерді көрсетті.

Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды