Бір топ әскери қаза болған ұшақ апаты. Оқиға орнына мемориалды тақта орнатылды

Баспасөз қызметі
Мемориал басында марқұм болған әріптестердің құрметіне дұға-тілектер бағышталып, гүл шоқтары қойылды.

Осыдан 8 жыл бұрын 25 желтоқсан күні Түркістан облысында ұшақ апатынан 27 әскери қызметші қаза болған еді. Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің барлық аумақтық бөлімшелерінде әріптестерін еске алуға арналған шаралар өтті, деп хабарлады zakon.kz.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің бастамасымен ұшақ апаты болған орынға мемориалды тақта орнатылды. Мемориал басында марқұм болған әріптестердің құрметіне дұға-тілектер бағышталып, гүл шоқтары қойылды.

"2012 жылдың 25 желтоқсаны күні мемлекетімізде қаралы күн жарияланған еді. Қыстың қытымыр күнінде ел астанасынан Шымкент қаласына бет алған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің АН-72 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Сайрам ауданы Тассай елді мекені маңында орын алған ұшақ апатынан 27 адам қаза тапты. Бұл тәуелсіз ел тарихында болған ең ірі қайғылы оқиға еді", - делінген ҚР ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді