Гинекологтың қабылдауында болған жас келіншек көз жұмған

diapazon.kz
Қыршын кеткен келіншектің өліміне қатысты акушер-гинеколог сот алдында жауап беріп жатыр. Дәрігер өз кінәсін мойындаған жоқ.

Ақтөбеде жеке клиникада қайтыс болған жас келіншектің өліміне қатысты сот басталды, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Былтыр гинекологтан ем алмақшы болған 20 жастағы Гүлдана Нұрмағанбетова екпе салғаннан кейін есінен танып қалған. Соған қарамастан дәрігер құрсағын тазартуға кіріскен.

Қыршын кеткен келіншектің өліміне қатысты акушер-гинеколог сот алдында жауап беріп жатыр. Ол келіншекке сол күні ем-дом жасаған. Ал қандай дәрі егу керектігін айтқан жеке клиниканың басшысы куәгер ретінде жауапқа тартылыпты. Бірақ дәрігерлер Гүлдана Нұрмағанбетованың өліміне еш қатысымыз жоқ деп отыр. Олардың айтуынша, келіншек анафилактикалық шоктан қайтыс болған. Ал айыптау актісінде жатыр жолын тазартуға екпе салып, гидротрубация деп аталатын емге кіріскен кезде жаны үзіліп кеткені айтылған. Онымен қоса дәрінің мөлшерін арттырып жібергені анықталған. Осының кесірінен келіншектің құрсағы жарылады. Қара жамылған отбасы соттан кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін