Павлодар облысында мереке күндері 21 адам үсік шалып, ауруханаға түскен

Екеуі мас күйде болған.

2021 жылдың 1 және 5 қаңтар аралығында облыс стационарларына 16 ересек және 5 кішкентай науқас жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бірінші қаңтарда облыстық балалар ауруханасына көшеде спортпен шұғылданғаннан кейін мұздау күдігімен 17 жастағы жасөспірім және осындай диагнозы бар 11 жастағы қыз жеткізілді.

Сонымен қатар, І-дәрежелі оң қол саусағының үсік шалған 12 жасар павлодарлық және сол жақ құлақшасын үсік шалған жеті жасар бала жеткізілген.

Балалардың барлығы үйлеріне амбулаторлық емделуге жіберілді.

Еске сала кетейік, Екібастұз ауруханасына түнгі серуеннен кейін Солнечный кентінен бір жасар қыз бала түскен болатын. Оған оң қолының І-ІІ-ІІІА дәрежелі үсік шалу диагнозы қойылды.

- Баланың жағдайы орташа ауыр. Жақсарып келеді. Бірнеше күннен кейін үйге жіберіледі, - деді департаменттегілер.

Дәрігерлердің көмегіне жүгінген облыс орталығының сегіз тұрғынының жартысы аурухана төсегіне аяқ-қолдарының үсуі салдарынан түсті. Екеуі мас күйде болған.

Екібастұзда тұратын үш ер адам мен екі әйелде аяздан табандары мен қолдың білектері ғана емес, сонымен қатар құлақ қалқандары да зардап шекті.

Ертіс ауданының екі тұрғыны білектері мен қолдарының үстіңгі үсік шалу салдарынан амбулаторлық емделуге жіберілді.

Сондай-ақ 2 қаңтарда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына пневмония және екінші дәрежелі сол аяқ саусақтарының үсуі диагнозымен 52 жастағы ер адам жеткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының аумағына Жаңа жылмен бірге қатты аяз келді. Өңірде дауылды ескерту жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: