Сайлауда кейбір алматылықтар дауыс беру тәртібін бұзбақ болған

Алматы.tv
Тіркелген ұсақ-түйек заңбұзушылықтар, көбіне техникалық және ұйымдастырушылық сипатқа ие.

Сайлау күні қалыпты, азаматтардың қауіпсіздігіне ешқандай қатер төндірмейтіндей өтті. Бірақ кейбір алматылықтар сайлау заңнамасын бұза отырып, дауыс беруге тырысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бақылаушылардың пікірінше, барлық сайлау учаскелері заңнамада көрсетілген барлық қажетті талаптарға сай болды

Сайлау комиссиясы мүшелері отбасы мүшелеріне дауыс берудің бірнеше әрекеттерінің жолын кесті, бірақ бұл жекелеген жағдайлар болған. Бақылаушылар жеке куәліктің көшірмесі, жүргізуші куәлігімен дауыс беруге тырысқан бірнеше жағдайды тіркеді; барлық жағдайда бақылаушылардың қатысуымен комиссия мүшелері бюллетеньдер беруден бас тартты, - деді баспасөз конференциясында "Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісінің" атқарушы директоры Әбен Әбдірәсілов.

Ол сондай-ақ сайлау учаскелерінде қатты музыка ойнаған немесе жарық нашар болған бірқатар фактілер тіркелгенін, сондықтан нашар көретін сайлаушылар бюллетеньдерді кабиналардан тыс толтыруға мәжбүр болғанын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді