Атырау облысында қоқыстан өлі бала табылды

иллюстрация үшін алынды
35 жастағы келіншектің заңды некедегі жары мен төрт баласы бар.

Атырау облысында 35 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған. Жәшікке салынған нәрестенің өлі денесін тәртіп сақшылары жас босанған әйелдің үйінің маңынан тауып алды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Оқыс оқиға облыс орталығынан 250 шақырым жердегі Сағыз ауылында болған. Қаны тоқтамаған келіншекке көмекке келген жәдел жәрдем қызметкерлері оның жас босанғанын анықтайды. Бірақ үйден шақалақты таппаған. Дереу тәртіп сақшыларына хабар беріп іздеуге кіріседі. Үй маңын тінткен кезде қоқыста жатқан нәрестенің өлі денесі табылған", деп хабарлайды КТК телеарнасы.

35 жастағы келіншектің заңды некедегі жары мен төрт баласы бар.

Бірақ бұл жолы жүктілігін жасырып, дәрігердің есебіне тұрмаған екен. Қазір безбүйрек ананың үстінен қылмыстық іс қозғалып тергеліп жатыр.

Досбол Бағытжанов, Қызылқоға ауданының прокуроры:

- Гинекологтар қарап, жас босанғанын анықтады. Келесі күні баланы берген жоқ. Нәрестені іздегенде өзінің тұрғылықты жерінен 100 метр жерде қоқыс жәшігінен сәбидің өлі денесі табылды. Әйел үйінің дәретханасында босанған. Баланы қарап, оның толыққанды, биологиялық дамыған бала екені анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды